ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

ТҮРКІ ТІЛДЕРІНІҢ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК КҮНІ БӨКЕТОВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ КЕҢ КӨЛЕМДЕ МЕРЕКЕЛЕНДІ

Бүгін академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университетінде 15 желтоқсан — Түркі тілдерінің дүниежүзілік күніне арналған «Керуен» фестивалі өтті.Университеттің 13 факультеті түркі халықтарының мәдениетін таныстырып, Қазақстан, Түркия, Өзбекстан, Түрікменстан және өзге де елдердің ұлттық құндылықтарын ұсынды. Факультеттер ұлттық тағамдарды, дәстүрлі киім үлгілерін және әр халықтың өзіндік ерекшелігін көрсетті.Іс-шараның ресми бөлімі академиялық мәселелер жөніндегі проректор М. М. Умуркулова мен әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректор Н. А. Жетпісбаевтің құттықтау сөздерімен басталды. Олар университетте түркі халықтарының өкілдері көп екенін айтып, бұл жағдай оқу ордасында достық пен мәдени алмасудың нығаюына ықпал ететінін жеткізді.Фестиваль факультеттердің шығармашылық бағдарламасымен қорытындыланды. Студенттер халық билерін, әндерін және түркі әлемінің мәдени мұрасын бейнелейтін өнер үлгілерін ұсынды. Іс-шара соңында қатысушыларға алғыс хаттар табысталды.