ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ ҚАРНИУ ТАРИХ ФАКУЛЬТЕТІНІҢ ПРОФЕССОР-ОҚЫТУШЫЛАР ҚҰРАМЫМЕН КЕЗДЕСУІ

6 қаңтар күні академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университетінің Тарих факультетінде тағылымды кездесу өтті. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Құдайберген Бексұлтанов, Асхат Аймағамбетов, Үнзила Шапақ университеттің профессор-оқытушылар құрамымен ашық пікір алмасып, қоғам дамуының өзекті бағыттарын ортаға салды.Жиын барысында алғашқы болып сөз сөйлеген Құдайберген Бексұлтанов Сарыарқаның киелі топырағына келудің мәніне тоқталып, жиналған қауымға жүрекжарды лебізін арнады:«Сарыарқаның қасиетті жеріне табан тіреу — біз үшін зор мәртебе. Осы қара шаңырақ астында аға буынның кемел ақылы, орта буынның жауапкершілігі мен жастардың үміті тоғысып отыр. Жаңа жылдың бастауы берекелі болсын. Ең асыл құндылық — ел ішіндегі бірлік пен татулық. Осындай білім ордасында сіздердің сауалдарыңызға жауап беру — біз үшін әрі сенім,әрі үлкен жауапкершілік», — деді депутат.Әңгіме арнасы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асып жатқан заңнамалық реформаларға ойысты. Елдің болашағына бағытталған маңызды заңдар депутаттардың белсенді қатысуымен әзірленіп, қоғамның қажеттіліктеріне сай жетілдірілуде.Үнзила Шапақ алдағы кезеңдегі реформалардың өзегін тарқатып, қоғамның бұл үдеріске белсенді араласып отырғанын жеткізді:«Президенттің сұхбаты мен Жолдауы бізге алдағы жұмыстарды айқын көрсетті. 2026 жыл реформалар жылы ретінде белгіленді. Конституциялық өзгерістерді іске асыру жөніндегі жұмыс тобы жүйелі түрде еңбек етуде. Бастапқы жоспардан да кең көлемде түзетулер қарастырылып жатыр. Себебі халық пен сарапшылар тарапынан келіп түскен ұсыныстар аз емес. Бұл — азаматтық қоғамның кемелденіп келе жатқанын білдіреді».Өз кезегінде Асхат Аймағамбетов депутаттық корпус Қарағанды облысының әлеуметтік маңызы бар мәселелерін шешуге ерекше көңіл бөліп отырғанын айтты. Атап айтқанда, облыстық онкологиялық орталықтың операциялық-реанимациялық блогын қаржыландыру – мыңдаған адамның өміріне тікелей әсер ететін маңызды шешімдердің бірі.Сонымен қатар университет оқытушыларының кәсіби біліктілігіне тоқталып, жүректен шыққан дәрістің студент жадында мәңгі сақталатынын ерекше ықыласпен бағалады.Кездесу барысында әлеуметтік және білім беру саласына бағытталған жаңа бастамалар да сөз болды. Атап айтқанда, балаларды 5 жастан бастап мемлекет қолдайтын жинақтау жүйесі жөнінде айтылды: ата-ана баланың есепшотына 12 АЕК салса, мемлекет оны 60 АЕК көлемінде толықтырады. Бұл қаражат болашақта баланың жоғары білім алуына немесе баспана мәселесін шешуіне үлкен мүмкіндік бермек. Құдайберген Бексұлтанов бұл бағдарламаның келешекте қоғам үшін зор нәтиже беретінін атап өтіп, ата-аналарды банк таңдауда мұқият болуға шақырды.Кездесуді қорытындылаған «AMANAT» партиясы Қарағанды облыстық филиалының төрағасы Бекзат Алтынбеков ғылым мен қоғам арасындағы байланыстың маңыздылығын і:«Кез келген жоба мен бағдарлама ғылыми негізге сүйенуі тиіс. Ғылым – қоғам дамуының тірегі. Университет ғалымдарының бастамалары жұртшылық назарында және халық арасында үлкен қызығушылық тудырып отыр», – деді ол.