КОРПОРАТИВТІК ОҚИҒАЛАР КҮНТІЗБЕСІ 2025 жылға арналған "Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті" КЕАҚ
«Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті» КЕАҚ Директорлар кеңесінің 24.12.2025 жылғы (№10 хаттама) шешімімен «Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университеті» КЕАҚ-ның 2025–2029 жылдарға арналған Даму жоспарына (2026 жыл) жылдық нақтылау бекітілді.
«Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университеті» КЕАҚ Директорлар кеңесінің 28.11.2025 жылғы (№9 хаттама) шешімімен 2025–2029 жылдарға арналған Даму жоспарына (2025 жыл, 2 жартыжылдық) жартыжылдық нақтылау бекітілді.
«Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университеті» КЕАҚ Директорлар кеңесінің 28.11.2025 жылғы (№9 хаттама) шешімімен «Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті» КЕАҚ-ның 2020–2024 жылдарға арналған Даму жоспарының 2024 жыл бойынша іске асырылуын бағалау бекітілді.
«Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университеті» КЕАҚ Директорлар кеңесінің 16.10.2025 жылғы (№8 хаттама) шешімімен «Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті» КЕАҚ-ның 2024 жылға арналған қызметі туралы жылдық есеп бекітілді.
2025 жылғы 17 қыркүйектегі Жалғыз акционердің шешімімен (Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің №454 бұйрығы) «Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті» КЕАҚ Жарғысына өзгерістер енгізілді.
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 25.08.2025 жылғы №429 бұйрығына сәйкес Қоғам «Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университеті» КЕАҚ болып қайта аталды.
Қазақстан Республикасы Президентінің 12.08.2025 жылғы №958 Жарлығымен «Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті» КЕАҚ-ға ерекше мәртебе берілді.
«Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті» КЕАҚ Директорлар кеңесінің 10.06.2025 жылғы (№5 хаттама) шешімімен 2020–2024 жылдарға арналған Даму жоспарының 2024 жыл бойынша орындалуы туралы есеп бекітілді.
2025 жылғы 8 мамырдағы Жалғыз акционердің шешімімен (Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің №234 бұйрығы) «Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті» КЕАҚ-ның 2024 жылға арналған жылдық қаржылық есептілігі бекітілді.
«Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті» КЕАҚ Директорлар кеңесінің 07.04.2025 жылғы (№3 хаттама) шешімімен Жетпісбаев Нұржан Арғынұлы Қоғам Басқарма мүшесі, әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректор болып сайланды.
Жалғыз акционердің 06.03.2025 жылғы шешімімен (Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің №92 бұйрығы) "Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті" КеАҚ 2024 жылғы жылдық қаржылық есептілігіне аудит жүргізу үшін сыртқы аудитор болып "ARIP consulting group"ЖШС анықталды.
"Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті" КеАҚ Директорлар кеңесінің 19.02.2025 жылғы шешімімен Басқарма мүшесі, әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректор М.Ж. Сыздықовтың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды.
Жалғыз акционердің 14.02.2025 жылғы шешімімен (Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің №53 бұйрығы) "Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті" КеАҚ Корпоративтік басқару кодексіне өзгерістер енгізілді.
Жалғыз акционердің 14.02.2025 жылғы шешімімен (Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің №54 бұйрығы) акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқықтары Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігіне берілген жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының Директорлар кеңесіне тәуелсіз директорларды сайлау тәртібі айқындалған.