
кафедра меңгерушісі
аға оқытушы
Телефон: +7 (7212)77-04-13
E-mail: pkiya201@mail.ru
Мұқанов көшесі,1, №9 ғимарат
Facebook,Instagram
Шет тілінің практикалық курсы кафедрасы 2023 жылдың қаңтар айында оқу үдерісін оңтайландыру мақсатында құрылды және шетел тілінен мамандарды практикалық тұрғыда даярлау бағытын ұстанды.
Кафедрада бірнеше шетел тілдері бойынша профессорлық-оқытушылар құрамы жұмыс істейді. 6В01705 – Шетел тілі: екі шетел тілі білім беру бағдарламасының 1 курс студенттері үшін практикалық ағылшын тілін оқыту жүзеге асырылады.
Осыдан бөлек 2024 жылдың қыркүйегінен бастап кафедрада екі инновациялық білім беру бағдарламалары енгізілді: 6В01709- Шетел тілдері (ағылшын) және 6В01708-Ағылшын тілі.
Француз, неміс, түрік және қытай тілдері келесі білім беру бағдарламаларының студенттері үшін екінші шетел тілі ретінде оқытылады:
6В01705 – Шетел тілі: екі шетел тілі
6B02303 - Шетел филологиясы
6В02301 – Аударма ісі.
6В01709- Шетел тілдері (ағылшын).
Оқу үдерісін оқытылатын тілдер елдерінде тағылымдамадан өткен және шетел тілдерін меңгерудің жоғары деңгейін растайтын, халықаралық сертификаттары бар білікті профессорлық-оқытушылар құрамы қамтамасыз етеді.
Даталар мен фактілер
Кафедрада шетел тілдерін оқыту саласындағы халықаралық тәжірибені дамыту мақсатында жыл сайын шетелдік мамандар қызмет атқарады. Олар ағылшын, түрік және француз тілдерінен дәріс оқып, практикалық сабақтар жүргізеді.
Қазақстан Республикасындағы Түркия Елшілігінің «Interministerial Joint Culture Commission Program» бағдарламасы аясында кафедрада қызмет атқарған түрік тілі оқытушылары:
- Асуман Ергүн (Хажеттепе университеті, Түркия) – 2022–2025 жж.;
- Чидем Бекар Курт (Докуз Эйлюль университеті, Түркия) – 2022–2026 жж.;
- Бурак Коркмаз (Анкара Хажи Байрам Вели университеті, Түркия) – 2023 жылдан қазіргі уақытқа дейін;
- Зехра Байыр (Аксарай университеті, Түркия) – 2025 жылдан қазіргі уақытқа дейін;
- Сечкин Сарпкая (Эгей университеті, Түркия) – 2025 жылдан қазіргі уақытқа дейін.
Қазақстан Республикасындағы АҚШ Елшілігінің English Language Fellow бағдарламасы аясында ағылшын тілі оқытушысы Джон Марусчак 2024–2026 жылдары кафедрада қызмет атқарды.
Француз тілі бойынша кафедрада келесі шетелдік мамандар дәріс жүргізді:
- Виктория Матильда Гожон (Париж Сите университеті, Франция) – 2023–2024 жж.;
- Элен Гарнье (Шығыс тілдері мен мәдениеттері ұлттық институты, Париж, Франция) – 2024–2025 жж.;
- Поль Мюра (Бордо Монтень университеті, Франция) – 2025–2026 жж.
Кафедра халықаралық ынтымақтастықты жүйелі түрде дамытып келеді. Осы бағытта Қарағанды қаласындағы Француз Альянсымен, Гёте институтымен және Қазақстандағы Түркия Елшілігімен тығыз байланыс орнатылған. Аталған ұйымдармен бірлесіп студенттердің шетел тілдерін меңгеруге деген қызығушылығын арттыруға, сондай-ақ әртүрлі халықтардың тілдік және мәдени ерекшеліктерімен таныстыруға бағытталған ғылыми, мәдени-ағартушылық және білім беру іс-шаралары тұрақты түрде ұйымдастырылады.
Қазіргі уақытта кафедра ұжымы оқу үдерісін сапалы оқу-әдістемелік қамтамасыз етуге ерекше мән береді. Осыған байланысты кафедра пәндері бойынша оқу-әдістемелік кешендерді жетілдіру, авторлық оқу құралдары мен оқу-әдістемелік әдебиеттерді, сондай-ақ электрондық білім беру ресурстарын әзірлеу және басып шығару жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде.
Мұғалімдердің профильдері
Кумпейсова В.С.