ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

Академиялық кеңес


Академиялық кеңес университеттің ғылыми-әдістемелік қызметін басқаруға уәкілетті алқалы орган болып табылады. Кеңес құзыретіне білім беру бағдарламаларының іске асырылу сапасына, олардың әдістемелік қамтамасыз етілуіне баға беру кіреді.

Академиялық кеңес құрамына білім беру үдерісін әдістемелік қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі академиялық комитет, білім беру бағдарламаларын жобалау және сараптау жөніндегі академиялық комитет, Оқыту сапасын бағалау жөніндегі комиссия кіреді.

Академиялық кеңестің академиялық комитеттерінің жұмысына оқу процесін ұйымдастыруға жауапты бөлімшелердің басшылары, факультеттер атынан өкілдік ететін тәжірибелі оқытушылар, білім алушылар мен жұмыс берушілер қатысады. Кеңесті академиялық мәселелер жөніндегі Басқарма мүшесі- проректор басқарады.

Кеңес мүшелерін факультеттер ұсынады немесе оған лауазымы бойынша кіреді.

Кеңес жұмысы екі айда бір рет жиілікпен отырыс режимінде өткізіледі.



Ағымдағы жылға Кеңес құрамын қарау
Ағымдағы жылға Кеңес жұмыс жоспарын қарау
БҰЙРЫҚ 1245 от 25.09.2025